Бөлім: «Аңыздар»

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Жорға аю (ІІ нұсқа)
Бір аю аралға апан салған екен. Бірде ол қонжықтарына жем іздеп тауға шығып кетіпті. Сол уақытта нөсер жаңбыр жауып, сел жүреді. Тасқын су аюдың..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жорға аю (І нұсқа)
Таудың тарлан тағысы аю бірде баласын ертіп етекке түседі. Етекте күркіреп ағып жатқан ақ жал толқынды өзен бар екен. Аюдың қонжығы өзен ағысын..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жолаушы
Бәзғаламның әкесі Айқынбаймен бірге туысқан Қажыке молланың кенже ұлы Ергенбай оқытқан дін сабағына қанағат етпей, 1919 жылы үлкенірек ғұламадан дін..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиреншенің ханның уәзірі болғаны
Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің әйеліне қызығып, сөз салыпты. Әйел:— Айтқаныңызды орындар едім, Жиренше ауылда ғой, — депті. Хан..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиреншенің баласы (ІІ нұсқа)
Жиреншенің баласы өте жуас екен. Әз Жәнібек хан Жиренше шешеннен:— Жақсыдан жаман туар ма? — деп сұрапты. Сонда Жиренше:— Жақсыдан жаман тумайды, —..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиреншенің баласы (І нұсқа)
Әз Жәнібек хан бір күні Жиреншеге қарап:— Осы сенің балаң қалай жаман туды екен. Шешесі Қарашаш, әкесі, Жиренше, сенсің. Осындай екі сұңқардан ең..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиреншенің әйелі (Тоғызыншы әңгімесі)
Дүниеден қайтқасын Жиреншені қарап баптап күтіп тұрушы болмағасын, Жиреншені хан өз сарайына келіп тұруға әмір етіпті дейді. Сонан Жиреншекең ханның..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше шешеннің Қарашашпен қосылуы
Он бес жасында Жиренше нағашысын іздеп бара жатып, бір түйе баққан адамға жолығып, бұны сұрап тұрған жері жаңада ғана көшкен ауылдың жұрты болады...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше шешен мен хан
Заман қадымда қазақ жұртында бір Жиренше шешен деген кісі өткен екен. Сол замандағы хандардан бір хан Жиреншені сөйлетіп көремін деп шақыртты дейді...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше шешен (ІІІ нұсқа)
Жиренше шешен әкесі ертерек өліп, жетім қалған бала екен. Әз Жәнібек хан бір жақтан келе жатса, бір жас бала жаяу, мал өрісі жерде жүр екен. Айнала..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше шешен (ІІ нұсқа)
Атақты Жиренше алыста жүргенде, жат жұртта ауырып қайтыс болады. Қара тілдің шешені Жиреншенің еліне сөз тауып, жөн біліп естіртуге ешкімнің батылы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше шешен (ІV нұсқа)
Бір күн Жиренше шешен жолаушы келе жатып, бір ауылдың тұсына келсе, ауыл мен екі арада өзен су бар екен. Оның өткелі қай жерде екенін біле алмай..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше шешен (І нұсқа)
Жиреншенің жары Қарашаш қайтыс болады. Әз Жәнібек хан Жиреншеге:— Әкесі өлген қалай болады? — дейді.— Әкесі өлгені — асқар тауы құлағаны, — депті.—..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше шешен (V нұсқа)
Ертеде Жиренше деген шешен өткен екен. Ол үйленбей тұрғанда бір адаммен кездесіп, екеуі бірге жолға шығыпты. Жанындағы жолдасы қарт кісі екен. Біраз..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше туралы әңгіме
Жиренше өзі бір жаққа жолаушы кеткенде осы қатыны өліпті. Жиренше барған жолынан қайтып келіп, әуелі Жәнібек ханға жолығып отырғанда Жәнібек хан..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше туралы (ІІІ нұсқа)
Жиренше мұнан соң бір нашардың қызын алған. Оны да сынап алыпты. Әкесі мен шешесі қайыр сұрайтын қара қасқа кедей екен. Соның он екі жасар жалғыз..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше туралы (ІІ нұсқа)
Әз Жәнібектің қырық уәзірі бір күндерде күндеп: «Жиреншенің әйелі сізге лайық кісі екен» деп, «дүниеде көрмеген әйел» деп мақтап, ханға айтып өсіріп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жиренше туралы (І нұсқа)
Әз Жәнібек хан қасында бірнеше уәзірлері, жолдастары бар бір жақтан келе жатса, бір ұста үй салып жатыр екен. Ұстаға:— Өнерпазсың, күніңе неме ақы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жетім торы
«Жауға барсаң, бәрің бар, дауға барсаң, бірің бар» дегендей, рулы елден шығатын батыр әдетте жалғыз-жарым болмаған. Алдағыға еліктеп, арттағыға..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жетім қыз (ІІ нұсқа)
Ертеде бір байдың ауылында өте сұлу қыз бойжетіпті. Әлгіні көрген адам көңілі кетіп, үйленуге құмартады екен де, сөз салады екен. Сонда қыз:— Мен —..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жетім қыз (І нұсқа)
Ертеде бір өзеннің жағасында жетім қыз бен бала болыпты. Ол қыз қайықты жақсы еседі екен. Сол маңдағы балалар бұларға келіп қайықпен ойнап..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жетім бала
Ертеде, жаугершілігі мол заман болса керек. Бірде, қаннен-қаперсіз бейбіт жатқан ауылды жау шауып, ойранын шығарады. Ойда жоқта басталған..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жетігеннің жетеуі
Жұрт әртүрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырап отырған өткен заманда қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жетіген
Ерте заманда бір көпті көрген көне көз қарттың жеті ұлы болыпты. Жетеуі де елге қорған, жұртқа пана болғандай атпал азаматтар еді дейді. ол..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жеті атым
Өзі кедей, өзі сыбызғышы Делдал деген адам болыпты. Делдалдың бірінен-бірі өтетін жүйрік жеті аты болады. Бір күні жеті ат ұры қолына түседі де, жеті..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті