Тері туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 2
Өлеңдер: 4
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1

Бір түлкінің терісін екі мəрте соймас.Бұл мақал жақсылық жасаған адамнан тағы да жақсылық талап етпеу үшін арнайы айтылады. 
©  Түркі халықтары
Жолбарыс терісіндегі қой.
Қорқау болса арыстанның терісін жабылса да, арыстан болмайды.
Жалаңаш жерге қарағанда кішкентай теріге жату жақсы.
Әркім өз терісін мақтан тұтады.
Қоян терісі бір күндік.
Терісін сыдырған соң
Пышағыңды сындырма.
Бір түлкінің терісін екі рет сыдырмайды.
Жылан терісін өзгерткенімен,
Түрін өзгертпейді.
Алтынды ерiте бiлмеген iрiтер,
Терiнi илей бiлмеген шiрiтер.
Орашолақтың - қолы шолақ.
Айран ұйытса, іріткен,
Тері илесе, шіріткен.
Ешкі сойғанның екі малы бар:
Мүйізі пышағына сап,
Терісі балаңа жарғақ.