Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жеңе білсең өзіңдегі хайуанды, жеңесің сен нәпсі деген айуанды!
©  Абдраманов Арсланбек
Тұмсығымен жер сүзу– Қатты шаршау немесе күйзеліске түсу.
Тұмсығын тығу– Бір іске араласу, килігу.
Тұмсығы көкке жетті– Өте қатты мақтанды, паңданды деген мағынада.
Тұмсығын шүйірді– Менсінбеу, тәкаппарлық көрсету.
Тұмсыққа ұрғандай– Тып-тыныш, дыбыс жоқ жағдайды білдіреді.
Тұмсығы тесілген тайдай– Жас, тәжірибесіз адамға қатысты.
Тұмсығына жел тисе, түшкіреді– Әлсіз, шыдамсыз адам туралы айтылады.
Смартфонмен әлемді бір-ақ сәтте танисың
Балада да телефон, далада да телефон
Шәй ішсек те телефон, қарамаймыз баланы.
Телефон — жарық ғалам, бұзылмасын санаң
Жалғыздық — үйіңде телефон тұрып, оның шырылдамауы
Қыз бой жетсе — бұрынғыдай күнің жоқ, телефон мен есікте тыным жоқ (қыздардың телефонмен көп сөйлесетініне қатысты әзіл-шыны аралас сөз).
Телефонсыз өмір жоқ, телефонмен көңіл тоқ
Баланың көз жасы – ата-ананың есебі.
©  Гүлсім Сатыбалды
Үйдегі тыныштық – сырттағы абырой.
©  Гүлсім Сатыбалды
Жалған бақыт – шын қайғының басы.
©  Гүлсім Сатыбалды
Тәрбие кешіксе – тағдыр асығады.
©  Гүлсім Сатыбалды
Ердің қаталдығын – әйелдің даналығы жібітеді.
©  Гүлсім Сатыбалды
Айласыз ақыл – жарты жеңіс.
©  Гүлсім Сатыбалды
Ашумен айтылған сөз – ажырасудың дәні.
©  Гүлсім Сатыбалды
Ана түзелсе – ұрпақ түзіледі.
©  Гүлсім Сатыбалды
Ақша табу оңай, адалын сақтау қиын.
©  Гүлсім Сатыбалды
Үйді дау бұзбайды, үнсіздік бұзады.
©  Гүлсім Сатыбалды