Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Кішіпейілділік – кісінің көркі
©  Самет Оқанұлы
Жақсының өзі де жақсы,Сөзі де жақсы
©  Самет Оқанұлы
Арамдық алысқа бармайды
©  Самет Оқанұлы
Өз мінін білген – әулие
©  Самет Оқанұлы
Жақсы адамның ашуышайы орамал кепкенше
©  Самет Оқанұлы
Соқырдың еліне барсаң, көзіңді қыс,Ақсақтың еліне барсаң, аяғыңды көтер
©  Самет Оқанұлы
Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,Зиянын тигізбейді
©  Самет Оқанұлы
Түсі жылыдан түңілме
©  Самет Оқанұлы
Сөзшең болғанша, ісшең бол
©  Самет Оқанұлы
Көп өткен су батпақ болар,Көп сөйлеген адам шатпақ болар
©  Самет Оқанұлы
Зейіні кең – көреген,Пейілі кең – береген
©  Самет Оқанұлы
Жақсылыққа жақсылық – әр жігіттің ісі,Жамандыққа жақсылық – нар жігіттің ісі
©  Самет Оқанұлы
Жаман адам өзі бола алмайды,Болғанды көре алмайды
©  Самет Оқанұлы
 Білімдіге дүние жарық,Білімсіздің күні ғаріп
©  Самет Оқанұлы
Көрші ақысы – Тәңір ақысы
©  Самет Оқанұлы
 Мың күнәға – бір тәубе
©  Самет Оқанұлы
Жақсы ниет – жарым ырыс
©  Самет Оқанұлы
 Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет
©  Самет Оқанұлы
Отан – отбасынан басталады
©  Самет Оқанұлы
 Игіліктің ерте-кеші жоқ
©  Самет Оқанұлы
Жақсылықтың ерте-кеші жоқ
©  Самет Оқанұлы
Көпке жақын – көкке жақын
©  Самет Оқанұлы
Құдайға сенсең, құстай ұшасың,Адамға сенсең, мұрттай ұшасың
©  Самет Оқанұлы
 Адамның күні – адаммен
©  Самет Оқанұлы