Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды.
Байтал шауып бәйге алмас.
Түлік — төлден өседі.
Мал жайған малдың жайылғанына тояды.
Мал жуасы — қой,
Аң жуасы — қоян.
Малды қыс құмға,
Жаз шымға айда.
Кесімді малға өсім бар.
Қарағайға сүйеніп тал өсер,
Басқа сүйеніп мал өсер.
Ат аяған жерге қарар,
Құс аяған көкке қарар.
Ұлдының ұрты өседі,
Малдың сырты өседі.
Атпаз көрген — ат таныр,
Ұстаз көрген — хат таныр.
Аттың көркі —
Құйрық, жалы, құлағы.
Таудың көркі —
Тасы менен бұлағы.
Бағың шауып тұрғанда
Биең егіз туады.
Бағың қайтқан шағыңда
Ешкің қысыр қалады,
Малыңа індет шабады.
Жетім құлын — емеген,
Қулық бие — тебеген.
Екі аяқты адам түгіл,
Төрт аяқты тұлпар да сүрінеді.
Күйеудің атымен күл тасы,
Жезденің атымен жер айда.
Сен салар да мен салар,
Атқа жемді кім салар?
Атын алдырған
Ерін жоқтамайды.
Басын алдырған
Сақалын жоқтамайды.
Ақылсыз атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.
Жорғаның тері кеппес.
Алмауыттан ат мінсең,
Жақын болар алысың.
Әдепті, арлы жар сүйсең
Оңғарылар бар ісің.
Құс жоқ жерде, күйкентай
Сұңқар көрінер.
Ат жоқ жерде, жаман тай
Тұлпар көрінер.
Атты арпамен айда.
Қияңқы байтал
Екі айғырды қырқыстырады.
Аталы айғыр үйірін
Жауға алдырмас.
Ата көрген жігіт
Ауылын дауға алдырмас.