Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.09.2022
198
Жанарыңнан мөлдір шық тамшылағаны...
Жанарыңнан мөлдір шық тамшылағаны,
Жүрегіңді бір күштің қамшылағаны.
Еш кінəсіз болсам да сенің алдыңда,
Егілтуге өзіңді жан шыдамады.
Қызғанышқа емес,
сен енді сенімге бағын,
Негізгі жырым өзіңсің,
төгілген əнім.
Бақытты бола қоймаспын өлең жазғаннан,
Мен үшін бақыт –
өзіңнің өмірде барың.
Шығара көрме сөзімді
теріске менің,
Өмірдің уын əлі де
көп ішпеп едім.
Күрсінбей өмір сүруге хақымыз бар ғой,
Күрсінбе сен де ендеше
періштем менің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇