Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  97


Автор: Ақылбек Манабаев

Жас жігіт апта бойы шегіп сапар...

Жас жігіт апта бойы шегіп сапар,
Бейнеттің неше түрін көріп қатал,
Саз кешті,
Еңбектеді,
Шалдығып кеп
Бір шепте достарымен тұрды қатар.
Жетті ол мақсатына,
Сертте тұрды.
Алаулап ашу-кегі өрт секілді.
Шайқасқа қайта кіріп қырды жауды,
Қалдырды ұрпаққа естен кетпес үлгі.
Жорықпен басып талай жолды асыға,
Қауіпті қуды төнген ел басына.
Қадасты жеңіс туын желбіретіп,
Қанішер фашизмнің ордасына.
Жауғанда ажал-шөлдің қара тасы,
Өмірге болған талай арашашы,
Есіңде болсын ұлым,
Тіпті өлшеусіз
Бір жұтым судың нарқы,
Шарапаты.
Қанша жыл...
Сұм соғыстың суығы әлі,
Ойды өртеп,қолқамызды суырады.
Ұқ, балам,
Жеңіске ел жұмылғанда
Нәр берген туған жердің суы дағы.
Кез болған қысылғанда жетпейтін қол,
Су ішіп,гүл ашылып,
Көктейтін жер,
Тірліктің азығы-су,
Игілікке
Жұмса,
Әсте бет алды оны төкпейтін бол!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу