Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  114


Автор: Ақылбек Манабаев

ҚАҢБАҚ

Екіпіндей соғып, ентігіп,
Батыстан күшті жел тұрып,
Қыбырсыз жатқан жер төсі,
Дүр сілкінді желпініп.
Опыр да топыр бола қап,
Көмілді шаңға кең алқап.
Үп еткен лепке ұшатын,
Қаңбақтар кетті домалап.
Сағалап сай мен жыраны,
Кездеспей жайлы тұрағы,
Сенделіп барып ақыры
Бір шұңқырға құлады.
Таңдарлық күй жоқ баспана,
Сұлады құмды жастана.
– Соға ма, - деп, - жел тағы
Жалтақтайды жасқана...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу