Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  83


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

Ішке тартып тұрғанда әлем демін....

Ішке тартып тұрғанда әлем демін,
Тексіз қоғам қылады тән ермегін.
Көбелектей отқұмар, сен, адамзат
Әуел баста-ақ нәпсіге тәуелді едің.
Күлтелі ме, жиғаның білтелі ме,
Ақыл-ойдың шығады кім төріне?!
Жатып алып жұмақтың саясынан
Қол созатын пенде ғой жын-періге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу