Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.09.2022
818
ОТБАСЫМ – ШАҒЫН ЖҰМАҒЫМ
Ұстап жүрсем де үйде мен,
Күйкі тірліктің құлағын.
Кезі жоқ көңіл күйреген,
Отбасым – шағын жұмағым.
Естілмеу керек айқайың,
Өз заңы бар-ау оның да.
Пейіш деп қалай айтпайын,
Періштем жүрсе соңымда.
Балапандарым, асыл жан –
Тірегім, темірқазығым.
Күліп тұр шыңның басында
Жазығым емес, наз үнім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇