Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  57


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Айыптама аяулым-ау...

Айыптама аяулым-ау,
Тiрлiгiмдi баяу мынау.
Қолдаушым да, қорлаушым да,
Төңiректеп таяу жүр-ау...
Таяу жүр-ау иықтасып,
Ұпайларын сұрыптасып.
Бiрi сүйсе бiрi ұмтылар
Жiбермекке иiп, басып.
Аяулым-ай, түсiн бiлiп,
Iшiм күдiк, iшiм де үмiт.
Елп етпесем, желп еткенге,
Ол тауға тән мүсiндiлiк.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу