Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
171
БҰЛ НЕ?
Бұл не?
Жүрегімді сыздатқан,
Жылытқан әрі мұздатқан.
Жасқанып бір,
Жас тамып тұр
Жанарымнан мұң жапқан.
Бұл не?
Шуақ па жанға нұр сепкен,
Бұлақтай әсем жыр төккен.
Мейірленіп,
Пейілденіп,
Қарағандай күн көктен.
Бұл не?
Көктем бе келген кештетіп,
Қалғанда ғұмыр еш кетіп.
Талқы тағдырым
Жалқы қалдырып,
Есейткен кезде есті етіп.
Бұл не?
Қарманып қиял қуу ма?
Өртеніп, қайта суу ма?
Жалын шарпып өткендей ме,
Жеткендей ме
Қас қағым қалған ғұмырға?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇