Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  74


Автор: Сәруар Қамаева

ҚАРЛЫҒАШ ҚАНАТ ХАТТАРЫҢ

Осынау бала шақтарым
Жадымда қалған жатталып.
Қарлығаш қанат хаттарың
Жататын сырды ақтарып.
Балауса, балғын суретің
Сөмкемде бірге жүретін.
Секілді еді мұңайып,
Мен күлсем, бірге күлетін.
Ағылған хаттар тізбегі,
Сабылып кімді іздеді?
Сарылып күткен арада
Уақыттың бар ма іздері?
Өшпеген іздер мүлдем де,
Қайтер ем бұрын білгенде?
Жоғалтып алып жүргенде,
Табылдың қалай бір демде?
Қалқытып қиял кептерін,
Хаттардың санап беттерін.
Құрбы қызға тілеуші ем
Қанаты талмай жеткенін.
Ұшырып көңіл көгінен,
Құстардай қайтқан легімен,
Жолдаған сәлем, жан құрбым,
Кездесем қашан сенімен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу