Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
227
ОЙ, АЛЛА-АЙ!
Атқылап жүрек,
Ұйтқыды көңіл борандай.
Дауылды тілеп,
Құйындай қалған соға алмай.
Сақтана кезіп
Секемшіл, үркек қояндай.
Селт етті сезім
Кезінде қалған оянбай.
Жүргенде безіп,
Жіңішке жолдан тая алмай,
Сезбедім өзім,
Не болды маған, ой, Алла-ай?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇