Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.09.2022
324
Кісі жары, кімім едің...
Кісі жары кісіге жар болмайды...
Халық әні
Кісі жары, кімім едің,
Бағы кемдеу тағдырымның
Мазасы жоқ түні ме едің,
Қайғысы көп күні ме едің?!
Пешенемді сорға шылап,
Сезе тұрып, сүрінемін.
Қадамыма қақпан құрар
Сұғанақ көз сұғы ма едің?!
Кісі жары, кімім едің?!
Сен кезіксең сүрінемін.
Өзегіме у сіңіріп,
Шерленіп кеп тынып едім.
Тәнім мұздап, жаным жылап,
Көз жасыма таңым құлап,
Тәңіріме жалбарындым –
Жарқ етпеді бағым бірақ.
Кісі жары, кімім едің,
Кей сөзіңнен түңілемін.
Делқұлының бірі ме едің...
Жүрегіме күдік іркіп,
Кірпігіме мұң ілемін.
...Кісі жары, кімім едің?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇