Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  220


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Ұстаз жолы

Тірліктен алып аз сабақ,
Өмірді жүрдім жас санап.
Өзгертем дедім бəрін де,
Маңдайға тағдыр жазса бақ.
Оқыған оқу жан салып,
Жадыма сіңді қаншалық.
Ортаға салсам ағайын,
Қалар-ау дедім тамсанып.
Алдымның бəрі соқпақтай,
Албырттық жүрді тоқтатпай.
Күн өтер дедім күлкімен,
Студент кезді жоқтатпай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу