Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  71


Автор: Хамит АЙДАРҰЛЫ

ҚЫРКҮЙЕК·ЖАҢБЫРЛЫ КЕШ

Таразда қыркүйек, жаңбырлы кеші осы,
Қоштастым Онымен неліктен кеше осы?!
Қол бұлғап үнемі шақыра береді,
Бейтаныс қаланың беймәлім көшесі...
(Дәл қазірКөне айдың қаншасы, жаңа айдың нешесі?!)
Беймәлім сол көше қарсы алып алардай,
Мойныма мезгілден ақ шарфы тағардай.
Түcімде көретін, жыр оқып беретін,
Жүз таныс бір бейне жүздесіп қалардай...
Аялдама тұсынан өтемін аялдай!
Жаныма жара боп алыста қалғаның,
Асығыс аттанғам, бөтендеу жолдамын.
Қайтер ем білмеймін көңілдің бұлтындай,
Табыла қалса егер жоғалтып алғаным.
(Жаңбырға жуынған жапырақ жан-жағым.)
Әлдене көлбеңдеп қалмайды қасымнан,
Шараптың буы да шеңбектеп басымнан.
Жанары ұқсайтын жаңбырдың түсіне,
Қай маңда жүр екен, мен күткен асыл жан!
Оның да шер-мұңын осы кеш жасырған...
Менің де..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу