Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  201


Автор: Әмірхан Балқыбек

Ол қазiр – көктемнiң өзiндей...

Ол қазiр – көктемнiң өзiндей,
Ол қазiр – жастықтың желегi.
Жер-Ана толғатқан сезiмдей –
Гүл болып құлпырып келедi.
Гүлiмнен қошамет көрсем де,
Бақыттың таба алмай баянын,
Симайтын пендеуи өлшемге,
Өзiмдi мұңайып, аядым..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу