Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
135
Әке тілегі
Қызым, саған бақ тілейін бүгін мен,
Ұзатып сап тұрмыз туған үйіңнен.
Барған жерде бақытты бол, алтыным,
Еш айныма жадыраңқы күйіңнен.
Қызым, саған бар қызықты тілейін,
Енді сырттай қамқоршың боп жүрейін.
Алла қосқан қосағыңмен қоса ағар,
Сендер жайлы тек жақсылық білейін.
Қызым, саған тек қуаныш тілейін,
Қызығыңа ешбір тоймай жүрейін.
Шаңырағың биік болсын, құлыным,
Қосағыңмен қол ұстасып жүр дəйім.
Қызым, саған өсіп-өн деп тілейін,
Толғаныстан алып-ұшып жүрегім.
...Құдаларым қызды болды дəл бүгін,
Ұлды болдым, қанағат деп жүрейін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter