Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  76


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Періште ғұмыр

Алысқан өмір,
Алысқан заман.
Дүние тірлік, жарысқан заман.
Түсімде мені періште сүйіп,
Өңімде жүр-ау ғарыштан қарап.
Қырықтан астың, ақырын жүр деп,
Қырқа бел астың, ақылың кірді.
Санды да соқтың, тірлікке налып,
Жақының күлді, ғаһылын білді.
Иіс те сезбей аулада гүлден,
Жылап та өмір, ақырын күлгем.
Өмірдің сонша тепкісін көріп,
Өмірім солай, осылай сүргем.
Қаусаған жаным, құр сүлдем жүрген.
Кінә да тақпа, тағдырым, мүлдем.
Періште ғұмыр, өтей алмаймын,
Өліп қалмасын-деп арқалап жүрген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу