Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  1337


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бауырыма

Әр үйдің күні қараң, кеші мұңды,
Бауырларың қақпаса есігіңді.
Әркімде әртүрлі ғой пейіл деген,
Көпшіл бол, бола білші кешірімді.
Жаппай жүр бар бәлені қатыныңа.
Балаңды тартты деме жатырына.
Қатынды жай ақылмен орнына қой,
Сонда ғана жақындар жақының да.
Көз тиеді, ерекше дараланба.
Ағайынның ішінде алаланба.
Көмегін сұрап келсе көне бергін,
Жүк артса боздамайды қара нар да.
Демеші әрбіріне күнім өтті.
Сол бауыр бүгін мықты, бүгін епті.
Алла да шексіздіктің иесі ғой,
Кешірімшіл, жанашыр, құдіретті.
Жел, жауын болмаса егер, қақ тұрмайды.
Өзі жалшы, жұртқа мал бақтырмайды.
Қонақпен Қыдыр ата ере жүрер,
Шайтан қатын, қыдырды жақтырмайды.
Атыңды жарыстырма есекпенен.
Гулейді, адамбыз ғой өсек деген.
Адамда не қасиет қалар дейсің,
Алғаны мен бергенін есептеген.
Бәрін де түсінеді мыйлы адам да,
Кешірем, жылап тұрып қиналам да.
Астымдағы атымды түсіп берем,
Өлеңімді түсінген сыйлы адамға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу