Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  96


Автор: Сәуле Досжанова

Ойладым сені Аяулым, жұлдыздар аққан түндерде...

Ойладым сені Аяулым,
жұлдыздар аққан түндерде,
Тағдырым үшін осынау артамын кінә кімдерге.
Есіме түсе береді,
сыңғырлы ғажап күлкің де,
Тосқауыл қалай қояйын сағыныш деген шіркінге.
Ойладым сені Аяулым,
ойламау сені мүмкін бе,
Кездесер ме едік дүние-ай, баяғыдай боп бір күнге!
Ойладым сені Аяулым,
кездесер ме едік бір күнге,
Ойланшы мендей Мәжнүнмен кездесу саған мүмкін бе?!
Аққанмен жылдар жұлдыздай,
көңілде бәрі жатқанмен,
Бақытты ете алмаймын,
қайтадан сені тапқанмен.
Ойладым сені Аяулым,
Қара жолдарда қамығып,
Жүрген бір жанның жыры деп,
оқырсың мұны жабығып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу