Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  104


Автор: Сәуле Досжанова

ҚОЯН ЖЫЛЫ

Тау барысы ақ қарымен жетектеп,
Қоян жылы келіп қалды секектеп.
Қалжасына қарадық та,
түңілдік,
Бір жапырақ болып сірә өтед деп.
Екі құлақ едірейіп басында,
Терісі анау,
сүйектерін жасырған.
Шыдамды деп сол теріні бір жылға,
Қайран қазақ бағасын кеп асырған.
Алақандай екі көзі жарқырап,
Тықыр етсе жүрегі ұшар қалтырап.
Жүріп қоян жылға ие болыпты,
Арыстандар қалып қойып арқырап.
Ақтабан да,
ақтаңдақ та қазаққа,
Қоян жылы болған екен азаптап.
Бір жапырақ болып қысы қаһарлы,
Бораны ұлып,
болар оның жазы аптап.
Қыркүйектен сүмелегі келеді,
Қазан болмай қарасуық енеді.
Қоянға ұқсап секең қаққан қазаққа,
Қарашада-ақ қаһарлы қыс төнеді.
Қорқақты мен көрген жоқпын қояндай,
Бүрсеңдерсің сыртқа шықсаң нояндай.
Қоян жылы,
Арқа жақта қыс ұзақ,
Ұйықтай бергім келе берер оянбай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу