Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  89


Автор: Рза Оңғарбай

Мен білмеймін

Мен білмеймін ертеңім не боларын,
Мүмкін жерден мен өшіп жоғалармын.
Мүмкін арам жауыммен арпалысып,
Мүмкін үйде алаңсыз демалармын.
Мүмкін қайғы жүректі жаншып болар,
Мүмкін ертең жарты құрт талшық болар.
Мүмкін ертең асқар тау жермен жексен,
Айдын көлдер жәй ғана шалшық болар.
Мүмкін ертең шар болат жасық болар,
Мүмкін көңіл шаттықтан тасып толар.
Мүмкін ертең жерге ұжмақ орнай қалып
Хор қызына жігіттер ғашық болар.
Ақыл-ойы толыспай кемеріне,
Дана болмақ даңғойлар, сенері не?
Мүмкін мені аластар ағайындар,
Мүмкін халқым қол соғар өнеріме.
Мүмкін ертең өлмеске жан салармыз
Мүмкін байып, дәулетке тамсанармыз.
Мен білмеймін, біз мүмкін ертең жылап,
Мүмкін күліп, шаттанып ән салармыз.
Тап боламыз біз қандай замандарға,
Мен білмеймін, білуге шамам бар ма?!
Алдансам да сан соғып қаншама рет
Сенуменен келемін адамдарға.
Қара аспанды төбемнен төндір мейлің,
Көңілімді күдікке жеңдірмеймін.
Барлығына бақыттың сенбейтіндер,
Не үшін өмір сүреді?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу