Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  817


Автор: Шынар Түйешиева

ҚАЗАҚСТАН – БЕЙБІТШІЛІК ОТАНЫ

Ел деп соққан, жер деп соққан жүрегі,
Бұл даланың тауы, тасы киелі.
Кең құшақты адалдықтың мекені,
Қазақстан – қайсарлықтың ұлы елі!
Табынтады бабалардың ерлігі,
Әнім тағы ұлан-байтақ кеңдігі.
Жасы-аңыз, қарты-абыз баталы,
Қазақстан – бейбітшілік Отаны!
Жүрегімде жүріп өткен жолы бар,
Келер ұрпақ жақсылыққа жолығар.
Намыс туы ынтымақтан таймаса
Ел боламыз маңдайының бағы бар.
Ұрпағыңбыз, құндағыңда гүлдеген,
Құшағыңды көмкеретін жырменен.
Желбіресін нұрлы аспанда көк байрақ
Әнұраным шықсын асқақ үнменен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу