Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  95


Автор: Айнахан Есетова

« Ғұмыр қысқа қызығындай бір жаздың»...

« Ғұмыр қысқа қызығындай бір жаздың»,
Сырын айтып сыңсиды құм,тыңдар кім?
Шілде айының аптабындай өртеніп,
Фәниге арзу жүрегімнен жыр жаздым.
Дала даусын сағынған жан тілдессін,
Қырды кезіп,жалаң аяқ құм кешсін.
Шағыл құшып тыншу табар түбінде.
Жан шөліме дауа ғазал,жыр көшкін.
Сарын тербер сахараны- аңсар үн,
Көсік қазып,құм шайырды тамсадым.
Бұрымында киікот жұпар бұрқырап,
Күні кеше болдық біз де Ханшайым.
Арзан дүние арбауыңа көнбесем,
Мінезім сол- мейіріммен селдесем.
Сабағынан ақ сүт парлап түратын,
Сүттігенмен жаным егіз шөлде өскен.
«Жаз дәуренің баста сірә тұрмайды»
Сыңсиды құм,жан сырын кім тыңдайды?
Өгей шеше тәрізденген өмір-ай,
Исіндіре алмағаным қинайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу