Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  67


Автор: Айсырға Қилыбаева

ЖОЛДАРЫ КӨКТЕ ҚЫРАННЫҢ

Ақын жүрегі – төгілген жауын сорғалап,
Ініне кіріп кетеді жәндік жорғалап.
Ұясы жерде, жолдары көкте қыранның,
Шың басынан шөл басады екен мұз жалап.
Қайнаған қаннан тулайды тасып тентек жыр,
Басылмаған өзегімді жалын өртеп жүр.
Жарық күнімді бедерін ашқан даланың
Қысыр бұлттар шелденіп іші, бүркеп жүр.
Талпынып ұшқан сусылдап жүрек қанатым,
Арманды өріп соғады әрбір сағатым.
Соға тұршы барабан-өмір қақпағын,
Жүрегім менің жырымнан тыныс алатын.
Ақын жүрегі – төгілген жауын сорғалап,
Ініне кіріп қорғалар жәндік жорғалап.
Ұясы жерде, жолдары көкте қыранның,
Шың басынан шөлін басады мұз жалап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу