Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  95


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ОБАЛАР

Жанарымен жауларына жай тастап,
Мекен бе екен бабалар шапқан ойқастап?
Қазанаттардың тұяғынан ұшқан саз ба екен,
Дөңкиіп жатқан қой тастар?
Өрт тиіп көкке, айтылып сансыз "тобалар",
– Жан пида, яки жармасқан жауым жоғалар!
Деп тәуекелменен бабалар жортқан жондарда
Тізіліп жатыр обалар?
Тұтаса намыс, қарақан баста ісің жоқ,
Арман боп өткен көңілді көңіл түсінбек.
Адамды адам шапқан шөптерден сұлатып,
Айқасқан қолдар дүсірлеп.
... Сан жылдар өткен. Бұйрат жон тыныс алғандай,
Не боздақ калған өмірі алға жалғанбай.
– Бұл сұмдық енді бола көрмесін, – деп обалар,
Бүк түсіп мәңгі,
Бүркеніп мүлде қалғандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу