Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  144


Автор: Мырзатай Болат

ЕР ИСАТАЙ

Қан майданда ерек жүрген,
Маңғыстауы – жебеп жүрген!..
Төбесіне бұлт үйрілсе –
Бекет Атам демеп жүрген!..
Қайырмасы:
Ер Исатай, алыбым-ай!..
Бөлек еді-ау қалыбың-ай!..
«Жерге қалай сыйды екен?» - деп,
Пенделікпен налыдым-ай!..
Адастырмас жарығын-ай!..
От пен оқтан ықпап едің,
Бетің қайтпас сырттан едің!..
Жүзбен жалғыз арпалысып,
Жау жағасын жыртқан едің!..
Қайырмасы:
Жұлдыз болып аққандайсың,
Құс ұйқыға батқандайсың...
Арасында тұра келіп,
«Жау қайдалап» шапқандайсың!..
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу