Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  105


Автор: Мырзатай Болат

ЖОЛЫҢА ҚАРАЙ-ҚАРАЙ...

Бірге өскен құсым едің қарғадайдан,
Арманның ақ қанатын айға жайған.
Ұшырып алыппыз-ау махаббатты,
Бүгінде арамызды жалғамайды ән!
Қайырмасы:
Жалғамайды ән!..Самғамайды ән!..
Жарылып қалған айнам!..
Арман-құс ұшып кеткен
Қонушы ед талға қайдан?..
Бұл қалай жүдеткенің өрімталды?
Жолыңа қарай-қарай көзім талды...
Сен мені ақын қылдың арманы көп,
Үзіліп жүрегімнен сөзім тамды!..
Қайырмасы:
Сөзім тамды!.. Көзім талды!..
Күйреттің сезім-талды...
Мен бір құс сыңар қанат,
Ұшарға жерім тар-ды!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу