Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  213


Автор: Бірғали Байекеев

ҚАҢТАР-2

Ақ кеме-тау түзілген көркем,
Ақ желек бұлт –үзілген желкен.
Ақ көйлек киген қалыңдық сынды
Қаңтар дегенің күзіңнен көркем.
Ат шана ізі қыз бұрымыңдай,
Таңданыс еттік біз бұрынғыдай.
Қызыққан қысқа шаңғылы бала,
Төбеден төмен ызғыды құлай.
Әуендер қалған әнші-бұлақтан,
Көзінен мөлт-мөлт тамшы құлатқан,
Ирек те ирек көгілдір түстер


Мұржа түтіндері шаншылып атқан.
Төңірек, маңай күміспен қақталған,
Сықырлап аяз сыңсиды бақтардан.
Қаңтар дегенің суретші екен ғой,
Ағыл да тегіл ақ бояу ақтарған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу