Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  93


Автор: Серікбай Бердияров

Кісілік деген -өзіңді-өзің бағалап...

Кісілік деген -өзіңді-өзің бағалап,
Қарай білуің жүрген ортада шамаңа.
Барды қадірлеп аяласаңыз әмәнда,
Әңгімелерден алшақ боласыз жанама.
Кісілік деген -ақ адал еңбек жемісі,
Тапқан табысты рахатыңа жеп-ішсең,
Көрінгеніңе көсемдік ете бергесін.
Ауқымы кеңіп ашыла бермек кеңісің.
Кісілік деген -еліңе деген махаббат!
Сайлылығыңыз болса кәнекей сақадай,
Дихан үміті еккен егіннің үстінде,
Ата балаға іңкәрлік керек ботадай.
Кісілік деген -сүйіктіңізді құрметтеп,
Сыйлай алсаңыз үлгі өнеге дүрмекке.
Жерге түсетін күннің шуағы іспеттес,
Әлемденгесін ортақтасады сыр көппен.
Кісілік деген -саналы алған білімің,
Бағың,бақытың көбірек болса білігің.
Болашағыңа жасалынатын оң қадам
Жер бетіндегі адам біткеннің қылығы.
Кісілік деген -заманасына лайық жан
Қақаған қыста суын тасиды ойықтан.
Қажет жерінде ошаққа отын жағады,
Осылай оның жанын құдірет байытқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу