Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  149


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Қарап мен райыңа...

Қарап мен райыңа,
Сүймедiм көздерiңнен.
Жүзiңдi бұрма, жаным,
Жiбектей сөздерiмнен!
Қайсы бiр айтқаныңды,
Бiлмеймiн,тыңдамадым!
Сүймедiм ерiнiңнен,
Көңiлiңдi былғамадым.
Кел, десең жетiп бардым,
Кет, десең...көрiнбедiм.
Бiлмеймiн, қай жақтардан,
Жолықты сорым менiң!..
Өзiңше ойланасың,
Өзiңше өртенесiң.
Жадырап жүрер едiм,
Азырақ еркелесең.
Қызған, - де – қызғанайын,
Жолыңа жүз қарайын.
Қайсы бiр сөздерiмдi,
Алдыңда қозғамайын!..
Сөйлес, - де – сөйлесейiн,
Тiлдес, - де – тiлдесейiн.
Болайын қапталыңда,
Өлетiн күнге шейiн!
Бүлдiрме жүрегiмдi,
Құм қылма жiгерiмдi.
Бiлмеймiн жыларымды,
Бiлмеймiн күлерiмдi...
Сағын, - де – сағынайын,
Бағын, - де – бағынайын!
Көнбесең ешбiрiне,
Мен ендi...неғылайын!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу