Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  185


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сарғайған таңның атымен...

Сарғайған таңның атымен,
Қарайған түннің атымен
Серт берсе де пайғамбар,
Сенбегендер болыпты.
Жүрегінің оты кем,
Мың құбылып, жайраңдар,
Сауық құрып сайрандар,
Санасыздар жолықты.
Өзіне өзі қас қылған,
Әбден дерті асқынған,
Су орнына у ішкен,
Тіліңді алмас сырқаттай,
Үзілердей жіңішке,
Әсер болмай миға анық,
Отырамын қиналып,
Дауасызға ем таппай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу