Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2022
89
Таңертең тұрғаның...
Таңертең тұрғаның,
Сәждені қылғаның,
Орындап парызды,
Мойныңды бұрғаның –
Иманның қорғаны.
Аллаға құрметің –
Уәжіп пен сүннетің,
Ғибадат міндетің,
Жасаған амалың –
Иманның қамалы.
Кең салмай арқаны,
Толтырып ортаны,
Сенімің кәміл боп,
Ойласаң ел қамын –
Иманның қалқаны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter