Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
309
Әкем қайтты мені жетім қалдырып...
Әкем қайтты мені жетім қалдырып,
Шешем қайтты ішімді оттай жандырып.
Көкжиекке жанарымды талдырып,
Көкіректе қалды күдік, қалды үміт.
Өзім де енді әке болып қалғанда,
Тағдыр басқа тауқіметін салғанда,
Жүре тұрсам деймін мына жалғанда,
Ұрпақтарым қалмасын деп арманда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇