Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  161


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Атыңнан айналайын, пәруәрдігер...

«Атыңнан айналайын, пәруәрдігер,
Күлген мен ойнағанды кешіре көр.
Бар дейді қияметте қиын тозақ,
Су сеуіп біз барғанша өшіре көр!»
Есімде осы жолдар шалдар айтқан,
Шамасы, барар жерін барлап айтқан.
Арнайы діни білім алмаса да,
Хабардар болғаны ғой барлық жайттан.
Сол шалдар байлап жүрген белді бекем,
Көрсек деп құмартпаған жерді бөтен.
Қорықса Қияметтің азабынан,
Өшер деп тозақ оты сенді ме екен?!
Атыңнан айналайын, пәруәрдігер,
Сана бер, түзу болса есім егер,
Жүретін тіршілікте алданыш қып,
Пендеңе жетерліктей несібе бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу