Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.07.2022
169
Жастық шақта кеуде-сор көкке тіреу
Жастық шақта кеуде-сор көкке тіреу
Болса дағы ойы – мұз, миы – сіреу.
Жəне сондай желөкпе бір жиында:
«Алтын тауып алдым!» – деп айтты біреу.
«Көрсет! Көрсет!» – дауыстап жұрт дүрлікті.
Алтын кетті жетектеп ит тірлікті.
«Ол – алтыным мынау!» – деп, əлге дереу
Қасындағы көрсетті бір жігітті.
«Ойбой!» – деді шегініп ашулы топ,
«Өңшең дүлей, есердей ақылы жоқ,
Бір ақылды жылтырап көзге түссе,
Ардақтаған ағайын асылым деп».
Содан артық алтынның жоқ керегі! –
Деп еді, жұрт тағы да өкпеледі...
Қол ұстасып екеуі кетті қырға...
Бұл уақыт – гүл жайнаған көктем еді...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇