Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  75


Автор: Ғафу Қайырбеков

ТАҒЫ ДА САҒАН!

Жан Бəдешім,
Халық берген сыйдан ас,
Сен өйтпесең, сені де ол сыйламас.
Бір Ғафуды екі беріп жалғанда –
Тағдырың да енді қайтып қинамас.
Қиын болдым, қайтаруға көнбедім,
Сен білесің, қисық па едім,
жөн бе едім,
Тарих өзі бағалар да түсінер,
Текке кетпес тентек баққан еңбегің.
Сен айтқанда, ақын неге «ə» десін,
Тəңіріге беріп қойған уəдесін.
Сен Ғафудың əйелі ғана емессің,
Сен Ғафудың тағдырысың, Бəдешім!
Бұл сөзімді құлағыңа ілші, Сен,
Жарық болсын, жарқырай бер,
күлші, Сен,
Өмір деген – көк тайғанақ жер екен,
Қолтығымнан ұстай-ұстай
жүрші Сен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу