Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  199


Автор: Ғафу Қайырбеков

Тіл – тұңғиық бір теңіз...

Тіл – тұңғиық бір теңіз,
Иірімі мол екен.
Соған бойлай білсеңіз,
Сирек бақыт – сол екен.
Бал, жемісті-мəуені,
Жақсы көріп – жаның құр.
Татпай тұрып, əуелі,
Өз тіліңнің дəмін біл.
Не бар деме тілімде,
Құлағыңа құй мұны.
Тілдің дəмін білу де,
Табиғаттың сыйлығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу