Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  236


Автор: Марфуға Айтқожина

КЕРУЕНДІ КҮНДЕРГЕ БОЙЛАП ТЕРЕҢ

Керуенді күндерге бойлап терең,
Даңғылымен Абайдың ойлап келем.
Кемеңгерім!
Жырыңды жаттай жүріп,
Жақпарына жүректің орнатып өлең!
Қиыр шетте, сонау бір бала жастан,
Ойым үнсіз,
Ойыңмен араласқан...
Тылсымына үйіріп əкететін,
Үйір болдық өлеңге,
Дара датқан!
Сырласы да, ақынсыз, мұңдасы көп,
Ұлылыққа жарасқан бұл қасиет.
«Жалғыз өзің мыңменен алысқан соң»,
Жанарыңды тұрасың,
Жырға сүйеп!
Ерте келем қасына, кеш келемін,
Аруағың алдында сескенемін.
Қиыр жаққа қарайсыз,
Қиналғандай,
Əлі көшіп келеді,
Көшкен елің...
Тұлғаланып тұрған соң асыл көрік,
Қаламқастар шырқайды əн,
Қасын керіп.
Дүбірлетіп дүниені жатсаңыз да,
Омырауды тұрғандай,
Жасың көміп!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу