Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  79


Автор: Марфуға Айтқожина

Таста енді уайым...

Таста енді уайым,
Таста мұңды,
Көп қиялдар келеді басқа нұрлы.
Қызығамын шынымен,
Қуанамын,
Қаулап өскен көргенде жастарымды!
Қаулап өскен көргенде жастарымды,
Көңіл аңсап, бұлқынар,
Басқа жырды.
Менің мынау халқымнан қарапайым,
Аларсыңдар,
Жарандар,
Асқан үлгі!
Өмірі де,
Ісі де сəнді,
Сырлы,
Көз алдыңа келтірер мəңгі шыңды.
Туған жердің құшағын гүлге бөлер
Адамдарға арнаймын алғысымды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу