Өлеңдер ✍️
Қалқам қолы – қанат қаққан қос Аққу...
Қалқам қолы – қанат қаққан қос Аққу
Алтын шашым айдынына сүңгіген.
Махаббатты адам жырлап, қанша айтты,
Соның бəрін қайталаған, бұл білген.
Мен де бір кез айтып едім жыр біліп,
Кəзірде де шырқарым сол мың балқып.
Өн бойына сүйкім, назды сіміріп,
Сол сөз бүгін тұр кеудемнен үн қатып.
Егер жанды сарқып сүйер болсашы,
Жүрек кесек алтын болып қалатын.
Тегеранның ай сəулесі онша тым
Жаздырмайды қайран əннің қанатын.
Не істерімді тағы білмей дағдардым, –
Өткен күнді ойлауда құн бар қанша!
Қалсам ба екен құшағында Шағаның
Қашан жаным жанып бітіп болғанша!
Бірі құлақ, бірі көзге ұнасар –
Əр нəрсенің өзіне тəн күй жазған.
Егер парсы əнді жаман шығарса,
Онда оның тумағаны Шираздан.
Ал мен үшін осы əнге де шүкір ет,
Жұрт көзіне жария етіп, жасап шу:
– Бұдан көркем, бұдан да əсем шырқар ед,
Əттең, оны құртты ғой, – деп, – қос Аққу.
1924 – 1925
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇