Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2022
216
ҚАРОЙ. МАХАМБЕТ
Бұл жерде Бас ақынның
басы алынған,
бұл жерде басты қылмыс жасалынған...
Бұл жерге шыбық шаншып жатқанымда
булығып жанарымнан жас ағылған...
Жолдарың
жондарыңды шимайлаған,
мүлгіген мимырт мінез мидай далам,
алдымнан жұмақ күтіп жатса дағы,
қан жылап мен өзіңді қимай барам.
Тұрса да күн көзіне тығылып қар,
бұл жерде таң қаларлық жылылық бар.
Бұлттардың ар жағынан
Бас қарап тұр,
Дегендей:
«Тағдыр тілін ұғынып қал».
Әлемді әумесер ой құлданғанда,
пәк сезім пешенеден құр қалған ба?
Боларын
бассыз Ақын бақыттырақ
еш жендет ескермепті бұл жалғанда!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇