Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  195


Автор: Жангелді Немеребай

ҚАРИЯЛАР

І
Атымтайдай жомарт боп мәрт атанар,
Мәрттік етіп шерін де тарқаталар.
Жалғыз атын соятын қонағына,
Қайран ғана кең пейіл қарт аталар.
Мейірімін ұрпаққа төгер тегін,
Тентектерді бір сөзбен шөгертетін.
Барады ма азайып батагөйлер,
Көсегесін елімнің көгертетін.
II
Өмір дейтін ұлы көш сапардағы,
Тіршіліктің мәңгі емес татар дәмі.
Тойбастарды шырқайтын той-думанда
Апалардың сиреді қатарлары.
Ақылшы да апалар ұлы көштің,
Ертек тыңдап, ақылын ұғып өскін.
Қандай әртіс келсе де жиын-тойға,
Апалардың айта алмас жырын ешкім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу