Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  111


Автор: Жәлел Қуандықұлы

АРҚАДАН КЕТЕРДЕ

Шабытын сыйлап дархан да сайын
шартарап,
Құшағын қимай жүрегім жараланды да.
Алматы, саған келемін арымды
арқалап,
Тамыры қалды жырымның
Қарағандыда.
Мен ұшқан ұя, мен жүрген
көшенің бәрі,
Іздей ме бір күн ұлының
арда жырларын?
Уақытты қойшы, алады есесін әлі,
Жазылар ма екен жанымда
жатқан ызғар үн?
Қимасым қолын бұлғайды
артымда қалып,
Сендердей мынау жалғаннан
дос табар ма екем?
Тағдырым мені осылай әр сынға салып,
«Қырық жетілер» қаңырап
бос қалар ма екен?
Түндерім қайта келер ме,
Жұлдызын санап,
Жарты да болса көрінген айын бағалар?
Айқара құшақ ашатын қара шаңырақ,
Аяз құша ма азынап аялдамалар?
Еленер бір күн, ескерер, санасар қоғам,
Шырылдай келіп шайыры
бас ұрған тұғыр.
Қорқыттың өзі тағдырмен
таласа алмаған,
Мен үшін бақыт –
Жазуға жазылған ғұмыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу