Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  221


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Таба болман табыспайтын қасыма...

Таба болман табыспайтын қасыма,
Біраз қылау қосқанымен шашыма,
Қанша қайғы, қанша қорлық көрсем де,
Қарағам жоқ бәтеңкемнің басына.
Түзу жүрдім, түзу ғұмыр кештім де,
Биік болдым,биік тауда өстім де.
Жапондардың даяшысы секілді,
Мен иіліп-бүгілгем жоқ ешкімге.
Мен біреуді даттағам жоқ асығып,
Мен біреуді мақтағам жоқ асырып.
Мен ешкімді басындыра алмадым,
Мен де ешкімді көргенім жоқ басынып.
Қай баланы беделіммен жасқаппын,
Қай баланы назардан тыс тастаппын?
Сәкен жайлы Ұлы Мұқтар айтқандай,
Асқақ болсам, мен еліммен асқақпын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу