Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.06.2022
199
Бұл жалғанның рақат, азабын да...
Бұл жалғанның рақат, азабын да,
Көрсет Алла мадағын, мазағын да.
Білу үшін қадірін жаннатыңның,
Жату үшін үн-түнсіз тозағыңда.
Азап көрмей, рақат көргендерді,
Мазақпенен, азаппен өлгендерді.
Бұл жалғанда немесе о жалғанда,
Өз қолында Алланың теңгермегі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇