Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  344


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АЛДЫҢНАН АЛЛА ЖАРЫЛҚАҒАЙ

Өліміңе өкіндім, өзегіме шоқ түсті,
Кірпіктегі көз жасым қызыл, жасыл от түсті.
Алты қарыс азулы Төле бидің ұрпағы,
Тоқпанұлы Ас-аға ажал атты оққа ұшты.
Райына қарамай бір Алладан басқаның,
Бетіне айттың шындықты, қорықпадың да саспадың.
Таяғыңды үйірдің топастардың басына,
Тастаса да төбеңе тіреп тұрған аспанын.
Топырағым бір еді жаратылған Сізбенен,
Сіздей шыншыл ағаны армандап ем, іздеп ем.
Жайың болсын жаннаттан, қайғым қара бұлттай,
Өңім түстес бұл күні тұнжыраған күзбенен.
Найзағайдай шарт етіп, жайдай тіліп жарқ етіп,
«Бақұл бол» деп қоштаспай кеттің аға бізбенен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу