Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
167
АҚЫН
Қас жауың болып – жалғандық,
Жағаласып та келесің.
Шындықты ғана арман ғып,
Жырменен жасты төгесің.
Қиялмен кезіп әлемді,
Іздейсің бақыт баршаға.
Дос, бауыр санап бар елді,
Жыр жаздың, ақын, қаншама.
Түнде де дамыл таппастан,
Ойлардан ойға батасың.
Қара су кейде татпастан,
Қалжырап ұзақ жатасың.
Көтергін, ақын, еңсеңді,
Тындасын сені бар ғалам.
Көтерген көкке желкенді,
Қайратың үшін таң қалам?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇